Иә Таяу Шығыстағы ахуал әлі күрделі. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі қажылық сапарын жоспарлаған азаматтарды сақ болуға шақырады. Алдын-ала барлық тәуекелдерді ескерген жөн. Бұл туралы Сенатта өткен брифингте сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі геосаяси ахуалдың мамыр-маусым айларында қалай құбылатыны белгісіз. Сондықтан қақтығыс аймақтарына жақын елдерге баруды жоспарлаған кезде қауіпсіздік мәселесін бірінші орынға қою қажет деді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дерегіне сәйкес, 15 мамыр мен 5 маусым аралығында елдің бірнеше қаласынан тікелей рейстер қасиетті Меккеге аттанады.