Меркі ауданында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары күшейтілді. Аудан әкімінің орынбасары арнайы су нысандарын аралап, олардың қазіргі жағдайын көзбен көріп, жауапты мамандардың есебін тыңдады.

Алдағы су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу мақсатында аудан аумағындағы су тасқыны қаупі бар аймақтар мен гидротехникалық нысандар тұрақты бақылауға алынған. Аталған жұмыстар «Жамбыл су қоймалары» мекемесінің Меркі –Тұрар Рысқұлов бөлімшесімен бірлесе жүзеге асырылуда.