Таэквондо спортынан Ташкент төрінде өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатында Жамбылдық жерлесіміз Ерасыл Ерзат, алғаш рет қола жүлдеге ие болды. Бүгін, Жамбыл жұртшылығы жас спортшыны салтанатты түрде қарсы алды.

Байрақты бәсекеге 116 мемлекеттен 1000-нан астам спортшы қатысып бақ сынаған. Ал, Қазақстан құрамасы сапындағы 20 спортшының бірі 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ерзат Ерасыл жоғары шеберлігі мен табандылығының арқасында қола жүлдені жеңіп, халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатты.