Бүгінгі мектеп оқушысы -ертеңгі заң сақшысы. Аса ауылында орналасқан Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы базасында «Болашақ прокурорлар» клубы ашылды. Клуб алдағы уақытта «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» құндылығы негізінде жұмыс атқаратын болады.

Іс-шараға аудан әкімдігі, аудан прокуроры, білім саласының өкілдері мен оқушылар қатысты. Клубтың ашылуы – жас буынды заң талаптарын құрметтеуге, әділдік қағидаттарын берік ұстануға тәрбиелеуге бағытталған нақты қадам.