1 сәуірден бастап ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды. Бұл оқуға кімдер түсе алады? Үміткерлерге қойылатын биылғы талаптар мен ережелердің жай-жапсары өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте белгілі болды.
Академияға магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдау admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Биыл үміткерлер 1 сәуірден бастап 1 маусым аралығында тіркеліп, өтініш бере алады.