Балаңыз мектепте қауіпсіз ортада білім алып жүр ме? Әрбір ата – ананың көкейіндегі сауал бұл. Себебі, қәзіргідей алмағайып заманда оқыс – оқиғалардың дендеп бара жатқанын көз көріп, көңіл сеніп жүр.
Шаһардағы 80 мектептің 822 бейнебақылау камерасы жедел басқару орталығына қосылған. Бұл дегеніңіз полиция қызметкерлері балаңыздың білім ұсында не істеп жүргенін тікелей бақылайды. Аз десеңіз білім мекемесінің өзінің камераларын бұған қосыңыз. Арнайы кезекшілік қойылып, қоңырау уақытында балалар қайда жүргенін мұндағы ұстаздар бақылап отырады.