Таразда әлем чемпионы Фируза Шарипованың жүлдесіне арналған жасөспірім қыздар мен жастар арасында бокстан Республикалық турнир өтуде. Жарысқа еліміздің 20 облысы мен Өзбекстан Республикасының былғары қолғап шеберлері қатысуда.
Дәстүрлі дода қыздар боксын дамытуға және жас спортшылардың шеберлігін шындауға бағытталған. Тартысқа толы турнирге түрлі салмақ дәрежелері бойынша спортшылар қатысып, кім мықтыны анықтауда. Ұйымдастырушылар бұл жарысқа барлық қатысушылар жақсы дайындалып келгендігін айтуда. Соның нәтижесінде турнир тартысты өтуде. Айта кету керек, бұл чемпионат 25 сәуірге дейін жалғасып, жарыстың қорытындысы сол күні белгілі болады.