Елімізде «Ауыл – ел бесігі» жобасы табысты жүзеге асуда. Негізгі мақсат – ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырып, елді мекендерді дамыту. Осы игі бастама аясында Жамбыл ауданына қарасты Тастөбе ауылында заманауи спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.
Жалпы облыс көлемінде аталған жоба аясында құны 81,9 миллиард теңгені құрайтын 1073 жоба іске асқан. Нәтижесінде 189 ауылда жаңа әлеуметтік нысандар бой көтеріп, инфрақұрылым жүйесі жаңғыртылды. Солардың бірі – тастөбеліктер көптен күткен спорт кешені. Бүгінде нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.