Үкімет мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауды күшейтпек. Осы мақсатта Премьер-министр Олжас Бектенов заңға өзгерту енгізуді тапсырды. Енді бұл саладағы қолдау жүйесі нақты заңмен бекітіледі. Еңбек министрлігіне 1 қарашаға дейін жаңа тәсілдерге негізделген заңнамалық түзетулер әзірлеу міндеті жүктелді. Бүгін Үкімет отырысында осы инклюзивті саясатты жүзеге асыру шаралары қаралды.
Логопед, сурдолог, реабилитолог сынды мамандар жетіспейді. Салдарынан ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналары айлап кезек күтуге мәжбүр. Ал мектептерде ондай балалармен жұмыс істеуге педагогтердің бәрі бірдей дайын емес.