«Таза Қазақстан» жалпұлттық экологиялық акциясы шеңберінде «Таза жүрек, таза аудан, таза болашақ» атты Меркі ауданының жастары арасында тазалық байқауы өтті. Шараның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттыру және туған жер тазалығына бейжай қарамауға үндейді.

Байқауға жалпы 9 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушыларға 40 минут уақыт беріледі, арнайы уақыт ішінде белгіленген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, жиналған қоқысты таразыға өлшету арқылы нәтижелерін көрсетті.