Таразда жас сақшылар сайысқа түсті. Алғаш рет «Жас сақшы» полиция сыныптарының қалалық слеті ұйымдастырылды. Оған 300-ге тарта оқушы жиналып, тәртіп пен талапты, білім мен біліктілікті қатар сынға салды.

Сап түзеп, сапалы қадам жасаған жасөспірімдер сайысты саптық дайындықтан бастады. Одан кейін құқықтық сауалдарға жауап беріп, түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білетіндерін көрсетті. Сонымен қатар тест, үгіт-насихат, спорттық және командирлер сайысы кезеңдерінде өз білімдері мен шеберліктерін ортаға салды.