Қазақ поэзиясының ақ гүлі. Бүгін Таразда ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Күләш Ахметованың 80 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті.Әдеби кеште Әулиеаталық қаламгер қыздардың «Інжу-Маржан» жинағының тұсауы кесілді. Әуелеген ән айтылып, ақынның өлең-жырлары оқылды.

Әдеби кеш «Көктем вальсі» мектеп оқушыларының би ансамблінің әсерлі биімен ашылды. Іс-шара барысында зиялы қауым өкілдері мен қонақтар ақын шығармашылығы туралы ой-пікірлерін білдіріп, жүрекжарды лебіздерін арнады.Күләш Ахметованың қазақ поэзиясындағы ерекше орнын атап өтіп, рухани кештің маңыздылығына тоқталды.