Биыл Қазақтан Республикасы Қарулы күштері Әскери полиция органдарына құрылғанына 29 жыл толды. Ал, Тараз өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы 1997 жылы 28 тамызда іргетасы қаланды.
Әскери полиция органдары Қорғаныс министрлігінің, ІІМ Ұлттық ұланының және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына ұйымдық түрде кіреді және арнайы бөлімшелер ретінде саналады. Осы орайда басқа құқық қорғау органдарынан басты айырмашылығы Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери полиция органдарының атынан өкілдік етуі. Әскери қызметшілер арасындағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және заңнама мен әскери тәртіп талаптарын сақтау мәселелері бойынша алдын алу шараларын қабылдау негізінде қызмет атқарады.