Жасанды интеллект – заманауи ғылым мен цифрлық технологиялар тоғысында қалыптасқан, болашағы зор инновациялық сала. Уақыт өткен сайын бұл жаңашылдыққа сұраныс көбейіп, оның дамуы артты. Осы орайда Шу ауданында «Жасанды интеллект ресурстарын сабақта тиіміді қолдану арқылы білім сапасын арттыру аспектілері" тақырыбында облыстық тәжрибелік семинар өтті.
Қазір әлемдік ірі державалар арасында технология өндіруден бәсекелестік байқалуда. Нәтижесінде компьютерлік жүйелерге адамға тән интеллектуалдық функцияларды модельдеуге мүмкіндік берілуде. Семинарға арнайы келген ЖОО-ның ғалымдары қатысушы 100-ге тарта ұстаздарға осындай жаңашылдықтың тиімділігін айтып, дәріс оқыды.