23 сәуір - Ұлттық кітап күні. Осыған орай, Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық кітапханасында «Кітап – асыл қазына» атты республикалық кітап фестивалі өтті.

Кітап фестиваліне елімізге белгілі ақын-жазушылар, бас редакторлар, баспа ісінің мамандары және ғалымдар қатысып, тұщымды ойларын ортаға салды. Ал облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов өңірдегі мәдениет пен руханият саласының дамуына үлес қосып жүрген кітапханашылар мен шығармашылық адамдарын атаулы күнмен құттықтап, марапаттады.