Облыста үй кезегінде тұрған жандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйелі түрде жалғасын табуда. Бұл жұмыстар облыс орталығы мен шағын қалаларда ғана емес, шалғайдағы елді-мекендерде де жүзеге асырылып жатыр. Мойынқұм ауылында екі жылдың өзінде екі пәтерлік 22 үй салыныпты.
Облыстағы ең шалғай елді-мекеннің бірі Мойынқұм ауылында өзекті мәселердің барлығы біртіндеп шешімін тауып келеді. Биыл тұрғындарды тәулік бойы таза сумен қамтамасыз ететін ауыз су кіргізіліп жатса, жаңа көшелер де түзіліп, үй де салынып жатыр. Мәселен Мәншүк Мәмбетова көшесінің бірінші жағына 2024 жылы 12 пәтерлік 6 үй тұрғызылса, былтыр екінші жағына дәл осындай 20 пәтерлік 10 үй соғылыпты. Бұл бірінші кезекте тұрмысы төмен отбасылар мен көп балалы ата-аналарға босатылуда. Міне осындай, үйге қол жеткізгендердің бірі 9 баланың анасы Рымкүл Асқарова. 3 бөлмелі баспана оның мүмкіндігі шектеулі қызына беріліпті. Күні-түні ерекше баласына қарап отырған алтын алқалы ананың қуанышында шек жоқ.