Биыл Қазақтан Республикасы Қарулы күштері Әскери полиция органдарына құрылғанына 29 жыл толды. Ал, Тараз өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы 1997 жылы 28 тамызда іргетасы қаланды. Оңтүстік өңірде бұл міндетті Тараз өңірлік гарнизонының Әскери полиция басқармасы табысты атқарып келеді.
Кәсіби мереке құрметіне Тараз қаласында салтанатты жиын өтті. Бұл күн әскери полиция қызметкерлерінің әскердің күнделікті тыныс-тіршілігіне қосқан үлесі мен еңбегін құрметтеуге арналды. Әскери полиция өкілдері — өзге әскери қызметшілер сияқты Отан қорғаушылар, алайда олардың міндеттері ерекше. Олар құқық бұзушылықтың алдын алу, гарнизондарда құқық тәртібін сақтау, әскери қылмыстардың жолын кесу және оларды ашумен айналысады. Әскери полиция құрамында кинологиялық қызмет бар. Қызметтік иттер тыйым салынған және жарылғыш заттарды анықтауға, сондай-ақ күдіктілерді іздестіру және ұстау операцияларына қатысады. Әскери техниканың жол қозғалысы қауіпсіздігін әскери автомобиль полициясы қамтамасыз етеді. Патрульдік-пост қызметі әскери бөлімдер ішінде ғана емес, олардың сыртында да тәртіп пен заңдылықтың сақталуын қадағалайды. Әскери бөлімдерде тәртіптің жай-күйіне тұрақты бақылау жүргізіліп, құқық бұзушылықтарға жедел әрекет ету және мониторингтің заманауи тәсілдері енгізілуде.