«Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық фестивалі аясында «Дәстүр және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті. Оған шетелдік және еліміздің түкпір түкпірінен келген қонақтар қатысып, ежелгі технологияларды қазіргі заманауи жетілген кериативті бағытқа жеткізу мәселелері айтылды.

Өткеннің өнегесі – болашақтың берекесі. Тараз – көне шаһар ғана емес, ғасырлар қойнауынан сыр шертетін, талай өркениеттің табы мен тағылымы сіңген қасиетті мекен. Басқосуға жиылған қонақтар бұл жай ғана жиын емес, дәстүр мен жаңашылдықтың үндесуі дейді.