Жамбылдық шенділер жемқорлыққа жақын ба? Жоқ, дейін десек, соңғы екі жылда облыста 172 сыбайлас жемқорлық дерегі анықталған. Соның 19-ы биылғы жылдың алғашқы екі айында тіркелген. Бұл мәліметтер бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңес отырысында айтылды.
Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық тиылар емес. Ресми дерекке сүйенсек, 2024 жылдан 2026 жылдың ақпан айына дейін 172 құқықбұзушылық тіркелген. Оның 144-і бойынша тергеу толық аяқталып, 128 қылмыстық іс сотқа жолданған.