Таразда инфрақұрылымды түлетуге қыруар қаржы жұмсалып келеді. Соның арқасында үйлер салынып, жолдар жөнделіп, айнала абаттанып жатыр.
Облыс орталығында қазіргі уақытта 30 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Нысандардың жалпы ауданы 37 мың шаршы метрді құрайды. Тұрғындарға 1008 жаңа пәтер беріледі деп жоспарлануда. Тұрғын үй қауіпсіздік пен жайлылықтың заманауи стандарттарын ескере отырып салынуда. Жобада аулаларды абаттандыру, балалар алаңдары, демалыс аймақтары, тұрақ орындары мен жаяу жүргіншілер жолдары да салынады.