Зергер, ұста, шебер, қолөнерші сондай-ақ, тоқымашының сан түрі бүгін біздің өңірде. Көне шаһарда «Тараз – қолөнершілер қаласы» Халықаралық фестивалі басталды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін ауқымды шараға биыл да алыс және таяу шетелдерден және еліміздің түкпір-түкпірінен он саусағынан өнер тамған шеберлер келді.

«Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде бүгін қайнаған тіршілік. Жайнаған көрме- ұлттық өрнек , түрлі мәдениет тоғысы. Көрмекке келген халықтың да қарасы қалың. Тараз төрінде осымен үшінші рет өткізіліп отырған фестивалге келген көпшіліккке облыс әкімі жылы лебізін білдірді.