Қазақстан алдағы 15-20 жыл ішінде су тапшылығы жоғары мемлекеттер қатарына енуі мүмкін. Сіз бен біз елей бермейтін бұл ескертудің маңызы күн санап артып келеді. Сондай-ақ табиғи апаттар жыл сайын өңір экономикасына миллиардтаған доллар шығын әкеліп, мыңдаған адамның өмірін қиып жатыр. Сондықтан мемлекеттер тек салдарымен күреспей, алдын алу және бейімделу механизмдерін бірге дамытуы қажет.
Ашығын айтсақ, барлығын бір алаңға тоғыстырған- қауіпсіздік мәселесі. Ғалымдардың болжамынша, тіпті жаһандық жылыну 1,5 градуспен шектелгеннің өзінде, 2050 жылға қарай Орталық Азияда ауА температурасы айтарлықтай жоғарылайды. Салдарынан құрғақшылық жайлап, ауыл шаруашылығы өнімі азаяды. Өрт көбейеді. Бұл экологиялық апаттың тікелей экономикаға әсері.