Облыстық тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит нәтижелерін жариялады. Тексеру барысында Талас ауданының дамуына жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігі сарапқа салынды. Зерделеу 9 мемлекеттік мекемені қамтып, бір кәсіпорында үстеме тексеру жүргізілген. 2022–2025 жылдар аралығында жалпы сомасы 32 миллиард теңгеге жуық қаражат қаралып, оның 20 миллиард теңгесіне қатысты бұзушылықтар анықталған.
Аудит қорытындысына сәйкес, негізгі қаржылық бұзушылықтар көлемі 18 миллиард теңгеден асады. Оның ішінде бюджетке қайтарылуы тиіс қаражат, өтелетін және қалпына келтірілетін сомалар бар. Сонымен қатар, 2,1 миллиард теңгеден астам қаражаттың тиімсіз жоспарланып, пайдаланылғаны белгілі болып отыр.