Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өңірлік экологиялық саммитке қатысуға келген шетелдік меймандардың бірқатарын жеке қабылдады. Ынтымақтастық мәселелерін талқылап, халықаралық күн тәртібіндеге оқиғалар бойынша пікір алмасты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстанға деген сенімі артып келеді. Ұйымның бас директоры Президентке елімізге дәрілік заттардың айналымын реттеу саласын жетілдіру бойынша 3-ші деңгей берілгенін растайтын хатты табыстады. Қазақстан мұндай дәрежеге ТМД елдері арасында бірінші, ал Еуропа аймағында төртінші болып қол жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тедрос Адханом Гебрейесус кездесуде өзара ынтымақтың бүгіні мен еретеңін талқылады.