"Жамбыл менің жай атым, халық менің шын атым!" атты жылдағы дәстүрге сай Тараз төрінде Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай халықаралық ақындар айтысы шымылдығын түрді. Биылғы жыр додасында ойдың тұнығын, сөздің шымырын терген 12 ақын бақ сынаса, біздің өңірдің намысын 4 ақын қорғайды.
Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, Қазақ айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман қазылар алқасының төрағасы. Сондай-ақ бұл дүбірлі додада еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған от ауызды, орақ тілді ақындар ұмытылмас дәстүрді дәріптеуде. Жамбыл Жабаевтың бай мұрасын насихаттап қана қоймай, ұлттық өнердің өрісін кеңейтетін бүгінгі айтыста 14 ақын 7 жұп болып сөз сайысына түседі.