Елімізде 2030 жылға қарай су үнемдеу технологиялары енгізілетін егістік алқабының көлемі 1,3 миллион гектарға жетпек. Соның арқасында 2,2 миллиард текше метрге дейін суды сақтап қалуға мүмкіндік бар. Бұл туралы бүгін Экологиялық саммиттің соңғы сессиясында айтылды. 3 күнге созылған ауқымды жиын бүгін өз мәресіне жетті. Қағазға хатталып, қабылданған шешімдердің нәтижесін көпшілік алдағы уақытта көре жатар.