Кәмелеттік жасқа толмай, бойжеткендердің ерте жүкті болуы жиі кездесіп жатады. Ол бүгінгі қоғамдағы өте өзекті. Осыған байланысты Таразда қыз бала тәрбиесіне байланысты жиын өтті.

Жиында қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, тәрбиедегі жіберіліп жатқан олқы тұстар айтылды. Мамандар қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізді. Сондай-ақ, жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндірді. Қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу. Қыздар арасындағы жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне бұру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болды.