Облыс орталығында «Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ» атты спорттық жүгіру жарысы өтті. Бұл шара «Вакциналар барлық ұрпақ үшін жұмыс істейді» апталығы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараға жүздеген қала тұрғыны қатысып, спорттық доданың көрігін қыздырды.

Жүгіру жарысы таңғы сергіту жаттығуларынан және салтанатты ашылу рәсімінен кейін басталды.

Ашылу салтанатына Тараз қаласы әкімінің орынбасары мен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері және спорт ардагерлері қатысты. Олар мұндай бастамалардың халық денсаулығын нығайту мен вакцинацияны кеңінен насихаттаудағы маңызын атап өтті.