Ұлттық құндылықтар – ұлтқа бөлінбейді. Ол баршаға ортақ дүние. Тарих тереңінен жеткен өнегемізді өскелең ұрпаққа насихаттаудан талмау қажет. Шетелдік шеберлер осындай пікірде. Тараз шаһардағы фестивалге арнайы ат шалдырған қолөнершілер сала мамандарының басын қосқан мұндай Халықаралық шаралардың көптеп өткенін қалайды.

Әуелеген сазды әуен, әсем әннің ырғағында алтыбақан тепкен бойжеткен, ақ шаңқан киіз үйлердегі шеберлік сыныптары. Қолөнершілер көрмесінің екінші күніндегі көрініс бұл. «Шахристандағы» кісі аяғы басылмаған. Ұмытылып бара жатқан ұлттық өнерді жаңғыртқан жандардың тірлігін тамашалаған жұрт көп.