Таразда медиа және өнер саласы өкілдері арасында жұлдызды жамбыл лигасы басталды. Сегіз команда өзара бақталастыққа түсетін турнир аса тартысқа толы болмақ.

Өткен сенбіде басталған доп – додасы алдағы бір ай бойы жалғасын таппақ. Командалар бір – бірімен ойнап, жарыс көркін қыздырады. Ұтқандары үш ұпай олжалап, турнирлік кестедегі жағдайын жақсара түспек. Алғаш болып алаңға шыққан ОХШО мен Меншікті тілшілер командасы тартысқа толы болды. Бұл кездесуде ОХШО ірі жеңіске жетті. Одан кейін алаңға шыққан Жамбыл ТВ мен ШТК командасы арасындағы кездесуде телеарна қызметкерлері 5-1 есебімен сенімді жеңіске жетті. Тараз ПРЕСС пен Тараз МУЗ арасындағы ойында алаң қожайындары 4-2 есебімен қарсыластарынан басым түсті. Екінші айналымда меншікті тілішілер мен Тараз муз арасындағы ойында қонақтар 0-2 есебімен жеңіске жетіп, алғашқы үш ұпайына қол жеткізді. Тараз Пресс пен Жамбыл ТВ арасындағы ойында Тараз Пресс 1-0 есебімен жеңіске жетіп, турнирлік кестеде әзірге көш бастады.