Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен еліміз бойынша ауқымды «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті. Іс-шараға Қазақстанның барлық аумағы тікелей қосылды. Оның ішінде Жамбыл облысы да бар. Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев пен белсенді жастар телекөпір арқылы қосылып, «Денсаулық» саябағында ағаш көшеттерін отырғызды.

Телекөпір барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғасырлар бойы қазақ қоғамында тазалық ұғымына ерекше мән берілгенін атап өтті. Сондай-ақ, Президент экологиялық мәдениетті қалыптастыру ісінде білім жүйесіне баса мән беруді маңызды мәселе ретінде көтерді.