Тоғыз жолдың торабы саналатын Шу ауданы қашанда қайнаған тіршілік ордасы. Сондықтан да қоғамдық тәртіп басты назарда. Осыны ескерген Шу аудандық тәртіп сақшылары, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түнгі рейд жұмыстарын үнемі ұймдастырып тұрады.

Аудан тәртіп сақшылары мен мемлекеттік қызметкерлерден құралған арнайы топ алдымен саптық алаңда жиналып, шараның маңызы түсіндірілді. Ескерте кетейік, дәл қазір Шу қаласының аумағында 178 бейне бақылау камералары орнатылып болды. Оның үшеуі автоураган, ал сегізі көліктердің жылдамдығын өлшейтін құралдар.