Күләш Ахметова – қазақ поэзиясындағы нәзік сезім мен терең ойды тоғыстырған, ұлттық рухты көтерген ақын. Алматыдағы Иван Крылов атындағы кітапханада ақынның 80 жылдығына арналған поэзиялық-әдеби сазды кеш ұйымдастырылды. Рухани кеш барысында қаламгердің сыршыл лирикасы оқылып, өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен насихатталды. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар мен әдебиетсүйер қауым жиналды.

Күләш Ахметова — қазақ поэзиясында нәзік лирикасымен, азаматтық үнімен дараланған тұлға. 1946 жылы Қырғызстанның Талас ауданында дүниеге келген ақын алпыс жылға жуық шығармашылық жолында жиырмадан астам жыр жинағын жарыққа шығарды. Оның өлеңдері бірнеше тілге аударылып, мектеп оқулықтарына енген.Шығармалары қазақ оқырманымен шектелмей, көптеген тілдерге аударылып, кең кеңістікке тараған.