Өңіріміз тағы да бір халықаралық сән индустриясының назарын өзіне аударды. 2017 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан «ASPARA FASHION WEEK» жобасының XVII маусымы биыл да ауқымды бағдарламамен аталып өтті.
Жобаның биылғы маусым ерекшелігі - сәнді тек өнер ретінде ғана емес, нақты бизнес құралы ретінде дамыту. Бұл маусымның маңызды оқиғаларының бірі — «Alla Ilchun — 100» халықаралық байқауы болды. Алла Илчун — Dior сән үйінің аңызға айналған моделі, Еуропалық жоғары сәндегі алғашқы Азиялық музалардың бірі. Жарысқа 14 мемлекеттен 48 дизайнер қатысқан.