Меркі ауданында көркем әдебиет пен жаратылыстану пәндерін кіріктіру мәселесіне арналған облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шара Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы бастамасымен Құрманбек Жандарбеков атындағы өнер мектебінде ұйымдастырылды.
Семинар барысында №17 Иван Трубицын атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Айбат Тұрарова «Ацетилен химиясы – Абай жолы толқынында» тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізіп, әдебиет пен ғылымды байланыстырудың жаңа тәсілдерін көрсетті. Сонымен қата, панорамалық сабақтар аясында зиянды әдеттердің адам ағзасына әсері ғылыми тұрғыда түсіндірілді.