Көктемгі әскерге шақырылған жас сарбаздар үшін жас жауынгерлер курсы басталды. Бұл тек бейімделу кезеңі ғана емес, сонымен қатар әскери істің алғашқы танысу сатысы. Жарғыларды зерделеу, қару-жарақтың сипаттамаларын меңгеру, саптық дайындық сынды пәндерді олар бір ай ішінде игеруі тиіс. Алдағы уақытта алған білімдерін іс жүзінде қолданатын болады. Бұл 5-ші механикаландырылған бригадада да жолға қойылған. Биыл көктемде мұнда үш жүзден астам жас сарбаз келіп қосылды.
5-ші механикаландырылған бригаданың көктемгі шақырылым сарбаздарының алғашқы сабақтарының бірі «Заманауи жауынгердің келбеті» деп аталады. Бұл сабақта сарбаздарға әскери киім үлгілері мен жабдықтар таныстырылды. Олар жауынгердің қызметіне және жыл мезгіліне байланысты өзгереді: жазғы және қысқы нұсқалары бар. Сарбаздар өз қызметінде пайдаланатын барлық жабдықтарды білуі тиіс.