Жамбыл облыстық қоғамдық кеңестің мониторингтік тобы Шу ауданына арнайы жұмыс сапарымен келді. Олар денсаулық сақтау, білім, дін, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларына қоғамдық бақылау жүргізді.

Мониторингтік топтың құрамында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, жастар саясаты,кәсіпкерлік, өнеркәсіп, туризм, су шаруашылығы және табиғатты қорғау, балық, орман шаруашылығы, жұмыспен қамту бар. Жиында қоғамдық даму жөніндегі комиссия төрайымы Сұлушаш Сәтбекқызы өңірде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Іссапар соңы актив отырысымен қорытындыланып, аудандағы келелі мәселелер талқыланды. Қордаланған барлық мәселелер бойынша жауапты сала мамандарына тиісті тапсырмалар жүктелді.