Жұлдыз Ысқақтың «Жетісу әншілік-жыршылық дәстүріндегі Аяз Бетбаевтың орны» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Аталған еңбек Жетісу өңіріндегі әншілік-жыршылық дәстүрдің қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін саралай отырып, жыршы, әнші Аяз Бетбаевтың қазақ өнеріндегі орнын ғылыми тұрғыда зерделеуге арналған.

Кітапта ұлттық өнердің сабақтастығы, жыршылық мектептің көркемдік-эстетикалық сипаты мен рухани маңызы кеңінен қамтылған. Іс-шара аясындағы концерттік бағдарламада дәстүрлі өнердің үздік үлгілерін ұсынатын өнерпаздар сахна төрінен көрінеді. Атап айтқанда, Жұлдыз Ысқақ, Орынбасар Мұхамметәлі, Совет Шапағат, Әбілмажан Қалижан өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынады. Бұл мәдени іс-шара ұлттық өнерді ұлықтап, дәстүр сабақтастығын насихаттауға, сондай-ақ жас ұрпақтың рухани танымын байытуға бағытталған маңызды рухани алаң болмақ.