Қазақ әдебиетінің ақ гүлі атанған ақын апамыз Күләш Ахметованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Поэзия жауһары» атты жыр сандық кеші өтті. Кешке белгілі қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдері және студент жастар қатысты. Шара барысында ақынның шығармашылығы мен тұлғасы кеңінен насихатталып, естеліктер мен тағлымды пікірлер айтылды.
Қазақ халқының мақтанышы, Алаштың аяулы ақыны Күләш Ахметова өмірінің соңына дейін өлеңнің отын сөндірмеді. Бір қолымен қазанның қақпағын ашып, бір қолымен қаламынан жауһар жырларын шашып өтті. Артына тек өлең ғана қалдырмай, айналасына өнегелі өмір сүрудің жарқын үлгісін көрсетіп кеткен ақын. Өзінен кейінгі ақын іні, сіңілеріне де қамқор қолынан келгенше болды.