Бүгін Тұрар Рысқұлов ауданында құс шаруашылығы бағытындағы жаңа зауыттың құрылысы басталды. Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, құны 3 млрд теңгеден асатын өндіріс нысанының өңірдің өркендеуі үшін маңызы жоғары екенін атап өтті.
Асыл тұқымды құс шаруашылығы репродукторы жылына 10 млн данаға дейін инкубациялық жұмыртқа өндіруге қауқарлы. Нысанның құрылыс кезеңінде 120 маман жұмыспен қамтылса, іске қосылған уақытта 100-ге жуық тұрақты жұмыс орны құрылмақ.