Мемлекеттен ауыл шаруашылығы саласына миллиардтаған субсидиялар бөлінген. Бірақ сол қаржының бір бөлігі мақсатқа жетпей, алаяқтардың қалтасына кеткен. Жамбыл облысында 200 – ден астам фермер алаяқтардың құрбанына айналған. Ал заңсыз алынған субсидия көлемі жүздеген миллион теңгеге жеткен.
Мамандардың айтуынша, соңғы алты жылда жымқыру және алаяқтық бойынша 90-нан астам қылмыстық іс тіркелген. Келтірілген шығын көлемі 2,5 миллиард теңгені құрайды. Ең алаңдатарлығы – алаяқтық схемалардың ауыл шаруашылығы саласында кең таралуы.