Бүгін дін саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің сауатын арттыру мақсатында облыстық оқу семинары басталды. Жалпы екі күнді қамтыған тәжірбие алмасуға республикалық деңгейдегі дәріскерлер шақыртылған.
Семинарда жүзден аса адамның білімін арттыру көзделіп отыр. Олар дін өкілдері, экстремизм мен терроризмнің алдын алумен айналысатын құқық қорғау органдарының қызметкерлері, барлық аудандарының дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері. Жиында дәстүр мен дінді қарама-қарсы қою қоғамға кері әсер ететіні және қазақ халқының рухани мұрасын насихаттаудың маңызы айтылды.