Таразда жылдағы дәстүрге сай қалалық ән байқауы өтті. Биылғы өнер додасы Қазақстанның көрнекті композиторы Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына орай «Сәлем саған, туған ел» тақырыбында ұйымдастырылды. Жарысқа барлығы іріктеуден өткен 9 үміткер қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.

Аталған іс-шара ұлттық өнерді дәріптеу, жас таланттарды қолдау және композитор шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді. Сайысқа 18-35 жас аралығындағы өнерпаздар қатысып, әр үміткер композитордың бір әнін орындады.