Қоршаған ортаны қорғау – қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан Т.Рысқұлов ауданындағы Әбжапар ауылындағы «Тауқымыз» демалыс орталығында республикалық экологиялық форум өтті. Жиында педагогтер мен сала мамандары бас қосып, экологиялық білім мен тәрбие берудің өзекті мәселелерін талқылады.

Іс-шараның өтуіне «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы сеп болды. Бұл форумға еліміздің әр өңірінен педагогтер мен экология саласының мамандары келіп, өзара тәжірибе алмасты.