1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні. Сан ұлт өкілдері мекендейтін Қазақ елі ауызбіршіліктің арқасында талай белестерді бағындырып, толайым табыстарға жетіп келеді. 30-дан астам этнос өкілдері тұратын Меркі ауданына қарасты «Интерноциональный» елді-мекенінің тұрғындары мерейлі мерекені тындырымды тірліктер атқарып, көтеріңкі көңіл күймен қарсы алғалы отыр.

Екі елді-мекенен тұратын Т. Рысқұлов ауылдық округіне қарасты «Интерноциональный» ауылы негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады. 4 мыңға жуық халқы бар ауылда сан ұлт өкілдері тұрады. Қазақ елі, қазақ жері, құт пен бақ дарыған ортақ отанымыз,- дейді олар.