Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы 2025 жылы жергілікті бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына сыртқы мемлекеттік аудит жүргізді.Есепті кезеңде 16 аудит және сараптамалық- талдау іс-шарасы өткізілген.Тексеріс 117 нысанды қамтып, жалпы 136,3 млрд теңге қаражат тексерілді. Нәтижесінде 141,8 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталған. Бұл жөнінде бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды.
Аудит жүргізу кезінде қаржылық бұзушылықтар, тиімсіз пайдалану және қаржылық есептілікті бұрмалау фактілері тіркелді.
Сондай-ақ, 902 рәсімдік бұзушылық пен 36 жүйелі кемшілік белгілі болды.