Меркі ауданында жас ұрпақтың білімін шыңдауға бағытталған маңызды зияткерлік шара өтті. Оқушылар үміт сарайында «Оқуға құштар» жобасы аясында ұйымдастырылған «Бала би» байқауы оқушылардың сөз мәдениетін дамытуға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға және шешендік қабілеттерін арттыруға арналды.

Байқауға аудан мектептерінен құралған командалар қатысып, бірнеше кезең бойынша бақ сынады. Қатысушылар қазақтың билері мен шешендік өнеріне қатысты тапсырмаларды орындап, мақал-мәтелдер арқылы ой ұшқырлығын көрсетті. Сондай-ақ логикалық және шешендік қабілеттерді ұштастыратын тапсырмаларда өзара мықтыны анықтады.