Қосшы қаласында Қазақстандағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында белгілі болды. Сонымен қатар, жиында заңсыз құрылысты анықтауға жасанды интеллект жұмылдырылатыны, сондай-ақ көпшіліктің көкейінде жүрген ұялы байланыс сапасын да жасанды жад реттейтіні айтылды. Кәсіпкерлерге бизнес ашуға да виртуалды көмекші қолқабыс етеді.
Астана іргесіндегі Қосшы қаласында Қазақстандағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылады. Мамандардың айтуынша, мұндай жоғары өнімді есептеу жүйелері жасанды интеллектіні дамытуға, үлкен көлемдегі деректерді жылдам өңдеуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ мемлекеттік және бизнес салалардағы цифрлық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.