Біздің азаматар үшін Шенген визасын алу жеңілдеуі мүмкін. Чехия үкіметі бұл істе Қазақстанға қолғабыс етпек. Бүгін ақорда сарайында Мемлекет басшысы чех елінің премьер-министрімен келіссөз жүргізді. Кездесу барысында Андрей Бабиш мұнай мен уран сатып алу бойынша ұзақ мерзімді келісімшарттарға мүдделі екенін айтты.