Меркіде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Бала тәрбиесі – ортақ жауапкершілік: отбасы, мектеп, қоғам» тақырыбында аудандық ата-аналар кеңесі өтті. Жиында аудан әкімі бала тәрбиесінде тек білім сапасына ғана емес, олардың мінез-құлқы мен тәртібіне де ерекше мән беру қажеттігін атап айтты.

Меркіде 2025–2026 оқу жылында 16 233 оқушыға қауіпсіздік сабақтары өткізіліп, оған 8 000-нан астам ата-ана қатысқан. Сонымен қатар, аудан мектептерінде «Жас сақшы», «Жас полиция», «Жас прокурор» топтары құрылып, профилактикалық кабинеттер ашылған. Биыл аудандағы 34 мемлекеттік мектепте 16 233 оқушы, ал 3 жекеменшік мектепте 462 оқушы оқу жылын аяқтайды деп күтілуде.